Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Қостанай облысына барды.
Кандидаттың сенімді өкілі Қостанай ауданының Заречный кентіндегі шаруа қожалықта болды. Бұл кәсіпорын тауарлық және тұқымдық картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөніс өндіреді. Тұқым себуден бастап, дайын өнімді сатуға дейінгі үдеріс түгел механикаландырылған және автоматтандырылған. Техниканың бақылауымен жүзеге асырылатын жаңа технологиялардың барлық талабына жауап беретін осындай кәсіпорындар санын арттыру қажет.деді Қайрат Айтуғанов. Ол сондай-ақ халыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Агроөнеркәсіп кешені мен елді мекендерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Шаруалар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Қайрат АЙТУҒАНОВ, Ж. ДАЙРАБАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:
Қандай мәселелер шешілмей жатыр. Біріншіден жанармай. Ол қымбат деп жатыр. Екіншіден тыңайтқыш қымбаттады. Ал баға... – Баға құлап жатыр, неге? Міне шекара.
Р. Бақытжанқызы