$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Астана жастары толғандырып жүрген мәселелерін диалог алаңында талқылады

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
4485
Астана жастары толғандырып жүрген мәселелерін диалог алаңында талқылады

Жастар үшін ашық пікір алаңы. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Астананың жұмысшы жастарын жинап, партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында «Тәуелсіздік - тірегім» атты диалог алаңын ұйымдастырды. Шара тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылды.

Жастармен диалог жүргізуге Астана қалалық мәслихатының депутаттары мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері келді. Осылайша жастарға толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салуға мүмкіндік туды. Диалог алаңына жиналған жас буын да белсенділік танытып, көкейкесті проблемаларды көтерді. Жастар Қазақстан халқының отансүйгіштік қасиетін қалай арттыруға болады деген сұрақты талқылап, қызу пікір алмасты. 

Серғазы Шақабаев, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы:

Еліміздің жеткен жетістіктерін және жастарға қажетті деген, жастарға пайдалы деген мәліметтерді беру. Мемлекеттік бағдарламалар жайлы, қазіргі жасалып жатқан жобалар жайлы. Бүгінгі шарамызға келіп отырған жұмыскер жастарға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын және мәселелерін біздің қалалық мәслихат депутаты арқылы, «Жас Отан» арқылы, «Нұр Отан» партиясы арқылы шешу мүмкіндігін алуға және сол көкейінде жүрген сұраққа жауап алуға үлкен мүмкіндік болады.

Саят Батпенов, Астана қалалық мәслихатының депутаты:

Сіздер білетіндей, бүгінде мемлекет тарапынан жастарға көп көңіл бөлінеді. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясы да үнемі көмек береді. Яғни олардың білім алып, кәсіп ашып, дамуына барлық жағдай жасалған. Жастар дамыса, ел де дамиды. Бүгінде өз проблемаларын жеткізіп, шешу үшін бірқатар арнайы орталықтар жұмыс істеп жатыр. Университеттер жанында жастар ісі комиеттері бар, ұйымдар бар. Сонымен қатар, "Астана жастары" орталығы бар. Ол жерде сұрағымен келген жас буын өкілдеріне әртүрлі қызмет көрсетіледі. Және «Жас Отан» да оларға барынша қолдау білдіріп келеді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ