Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ерейментау-Павлодар тас жолы су астында қалды

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
3059
Ерейментау-Павлодар тас жолы су астында қалды

Толассыз жауған жаңбыр Ерейментау-Павлодар тас жолын шайып кетті. Жолдан өте алмай қиналған тұрғындар арнамызға хабарласып, оқиға орнынан түсірілген әуесқой бейнемен бөлісті.

Павлодар - Астана бағытымен жолға шыққандардың барлығы жол жиегінде тұр. Су басып кеткен айналма жолдарды тек жол талғамайтын биік көліктер өтуге қауқарлы. Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратынша, кеше бұл бағытта жол жабылған. Бірақ кешке қарай қайта ашылыпты. Десек те, бүгін таңертең түсірілген бейнематериалдан жағдай әлі қауіпті екенін аңғаруға болады. Оны төтенше жағдайлар комитеті де растап отыр. Қазіргі күні Өленті өзені арнасынан асып, Ерейментау ауданында су тасқыны жағдайы қалыптасқан.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Жалпы Ерейментау ауданы бойынша қатты нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны жағдайы қалыптасты. Ауыл-аймақтардан су басу туралы 20-ға жуық қоңырау түсті. Жедел қызметтер таңертеңнен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Берік ХАСЕНОВ