Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент сайлауына қатысуға ниетті 139 халықаралық байқаушы тіркелді

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1569
Президент сайлауына қатысуға ниетті 139 халықаралық байқаушы тіркелді

Президент сайлауына қатысу үшін 139 халықаралық байқаушы тіркелді. Саяси науқанды 8 халықаралық ұйым, шет мемлекеттердің және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері бақылайды. Барлығы 600-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінің тағы да айтып өткім келеді.

Сондай-ақ, халықаралық ұйымның екі байқаушысын аккредиттеу кері қайтарылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан ұсынылған екі байқаушы сайлауға бақылаушы ретінде қатыса алмайды.

Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ұсыным дипломатиялық арна арқылы келіп түскен. Ислам ынтымақтастық делегациясының құрамында өзгеріс болған туралы аталған ұйымның мәлімдемесі негізделген. Осыған байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымынан Шау Ченнің және Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан Шакир Махмудты халықаралық байқаушы ретінде аккредиттеуді тоқтатып, куәліктерін кері қайтарып алу қажеттілігі туындап отыр.

А. Задабек