Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанымен Атырау облысына барды. Медициналық мекеме қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді.
Кандидат Салтанат Тұрсынбекова жиынға келгендерге сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге медициналық мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым және қоғам белсенділері қатысты. Олар ана мен бала өлімінің көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Кандидат бұған қатысты да өз ойын білдірді. Мәселені жан-жақты талқылап, мәселені шешудің жолдарына тоқталды.
Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Жүкті әйелдердің өлім-жітімінің өсуінің негізгі себептерінің бірі - Ковид пандемиясы болды. Ал келесі мәселе – ғимараттардың тозуы, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы мен жабдықтардың жеткіліксіз деңгейі. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тек бір ғана Атырау облысында ана өлімінің 2 фактісі тіркелді. Ал 1 жасқа дейінгі бала өлімі болса бұл өңірде 9 ай ішінде 114-ге жеткен.
А. Базарбай