Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Таразда ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ уақытша тоқтады

AstanaTV
15.11.2022ж. 20:00
2711
Таразда ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ уақытша тоқтады

Таразда ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ уақытша тоқтады. Сондай-ақ, балабақшалар жұмыс істеген жоқ. Қатты соққан желден ағаштар сынып, шатырлар ұшып кетті. Қаланың жарты бөлігі жарықсыз қалды.

Жергілікті билік жағдайды қалыпқа келтіруге тырысып жатыр. Арнайы комиссия құрылып, шығын көлемін есептеп жатыр. Бағдаршамдар істен шыққан соң, көлік қозғалысында да кедергілер туындаған. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және кептеліс мәселесін шешу үшін патрульдік полиция кезекшілік ұйымдастырған.

Нұрбол ҚАЛДЫБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Азаннан бері 79 заявка болған. Осы свет өшу бойынша.12 бригада істеп жатыр. Бағдаршамдар бойынша бізде істен шыққан бағдаршамдар бәрі қалпына келтірілді. Қазіргі таңда тек қана свет қуаты болмағанына байланысты кейбір бағдаршамдар істемей тұр. Білім бөлімімен сөйлестім. Ертеңгі таңда бізде кедергі жоқ. Ертеңнен бастап толық сабақ ары қарай жалғасады.

Б. Жұмабай