Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех анықталды

AstanaTV
16.11.2022ж. 20:00
1586
Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех анықталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех анықталды. Жеке тұрғын үйге тінту жүргізу кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтықтар табылған. Қоймада 2 үлкен қазандықта 30 және 58 жастағы екі азамат қызу жұмыс істеп жатқан жерінен ұсталды. Олардан 10 тоннаға жуық алтын кен шикізаты тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, олар мұнда ақылы түрде жұмыс істеген. Цехтың иесі 37 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалуда.

Сондай-ақ, өңірде жалған құжат жасаумен айналысқандар ұсталды. Топтың басшысы Шу ауданындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Ал оның сыбайласы сол мекеменің бұрынғы қызметкері болған әйел делдал ретінде әрекет еткен. Олар 150 мың теңге көлемінде ақша алып, заңсыз құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттар жасап сатып отырған. Күдіктілерден 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт тәркіленді.

Б. Жұмабай