Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Тараз қаласына барды. Өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Мейрам Қажыкен алдымен Жамбыл облысы политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Жастар елдегі және әлемдегі өзекті мәселелерді қозғады. Әсіресе елдің қорғаныс жағдайы, IT-саласының дамуы, жұмыссыздық туралы ұсыныстар айтып, ойларын ортаға салды. Студенттер бағаның өсуіне алаңдайтындарын да жасырмады. Мұнан соң, кандидат қаладағы сүт зауытына барды. Кәсіпорында тәулігіне 80 тоннадан астам сүт өңделеді. Бірақ, соңғы уақытта аймақтағы кейбір өндіріс орындарының жағдайы нашарлай бастаған. Салада түйткіл көп.
Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Тараз қаласы маған өте жылы қала. Өйткені осы жерде менің студенттік шақтарым өткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Осы салада мәселелер бар екен. Кредит, экспорттау көп енді мәселе. Солардың бәрін талқыладық, ортаға салдық. Ұсыныстарды жазып алдым.
А. Задабек