$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қ. Әбденнің Түркістандағы кездесулері жалғасуда

AstanaTV
16.11.2022ж. 20:00
1703
Қ. Әбденнің Түркістандағы кездесулері жалғасуда

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Түркістандағы кездесулері жалғасуда. Бүгін ол мұғалімдермен пікірлесті. Жиында кандидат халық санының өсуі мен берік отбасы – кез келген дамыған елдің ұмтылатын басты мақсаты екенін айтты. Сондай-ақ, отбасын қолдау және нығайту — елдің табысты дамуының кепілі бола алады деді.

Қарақат Әбден мұғалімдерге сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Педагогтар да өз сауалдарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Ашық пікір алмасу болды. Сондай-ақ, кандидат отбасы және демография министрлігін құру туралы ұсыныс айтты. Ол қоғамдағы көп мәселелердің түп-тамыры отбасыдан тарайды деді. Бала тәрбиесі, сабақ үлгерімі, тұлға ретінде қалыптасуы, суицид, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аналар мен қарияларға қатысты проблемалардың барлығы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты екенін жеткізді. Бұған дейін, кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздесу жоспарланып отыр.

Ә. Дүкембаева