Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен осыған дейін сегіз өңірде болды. Тұрғындарымен жүздесіп, аймақтардағы өзекті мәселелерге қанықты. Оларды шешу жолдарын талқылады. Сұрақтарға жауап беріп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Үміткердің кездесулері Астанада жалғасты. Әуесбаев қала тұрғындарымен қатар аймақтардан келген азаматтарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ондағы әрбір мәселеге жіті тоқталып, маңыздылығын, өзектілігін баса айтты. Сондай-ақ, жиналғандардың мәселесіне құлақ түрді. Жұртты баспана бағасы, ауыл шаруашылығының жайы алаңдатады. Балалары үш ауысымдық мектепте оқитын ата-аналар да шағымын жеткізіп, сауал жолдады. Ал ертең кандидат Ақмола облысы, Шортанды ауданының халқымен кездеседі.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Кездесуде көп халық жиналды. Олар өздерінің қызықтырып тұрған үлкен мәселелері бар. Сондай-ақ, бұл кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен шаруалар келген. Олар өз мәселелерін айтып жатыр. Мынау пайщиктердің мәселесі, онсыз да біз бұрын біздің партия осы мәселелермен айналысып жүрген. Соған келіп өз шағым-өтініштерін айтып жатыр. Олардың бәрін қабылдап, біз тиісті жауабымызды беріп жатырмыз.
А. Серік