Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

AstanaTV
16.11.2022ж. 20:00
1648
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Кезектен тыс Президент сайлауына төрт күн қалды. Саяси науқанға 10 101 учаске әзірленген. 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. 11 миллионнан астам сайлаушының тізімі жасалған. Ал сіз сайлауға барасыз ба? Өз сайлау учаскеңізді анықтадыңыз ба? Егер қайда барып дауыс беретініңізді білмесеңіз, уасчкені қалай анықтауға болады? Тілшіміз Әсел Дүкембаева айтады.

Сайлау жақындаған сайын халықтың белсенділігі арта түскен. Көпшілік өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, ел үшін маңызды күні таңдау жасауға ниетті.

БЛИЦ:

- Сайлауға барамын, жұмыс орным бойынша. Әр қазақстандық міндетті өзінің болашағына таңдау жасайды ғой.

- Барамын. Негізі бару керек қой әр қазақ. Енді халықтың қамын ойлайтын адам болу керек қой.

- Конечно, обязательно. Білем, маған смс келді ғой.

- Да, Алла жазса. Өзіміздің болашағымызды, өзіміз таңдау керек.

Бас қалада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылған. Қазір барлығы 407 учаске саяси науқанға дайын. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 768 мыңнан астам сайлаушы тізімге алынған.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Ал сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді білесіз бе? Егер білмесеңіз, оны анықтау қиын емес. Алдымен ұялы телефоныңызға келген хабарламаны ашасыз. Ондағы сілтеме арқылы өтіп, тұратын аймағыңызды таңдайсыз, Жеке сәйкестендіру нөмірін тересіз. Мұнан соң сіздің сайлау учаскеңіздің мекен жайы шығады.

Ә. Дүкембаева