Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1143
Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады

Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды бірауыздан мақұлдады. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Құжатты Қаржы министрі таныстырды. Дүниежүзілік Банк қарызды елге 11,5 жылға береді. Соның екі жарым жылын мемлекет жеңілдікпен төлемек. 

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді. Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

А. Базарбай