Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова кәсіпкер әйелдермен кездесті

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1437
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова кәсіпкер әйелдермен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын еліміздің солтүстігінде жалғастырды.

Кандидат Салтанат Тұрсынбекова ең әуелі Павлодардағы психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына соғып, мекемеде ем алып жатқандармен жүздесті.

Мұнан соң үміткер Петропавл қаласына барып, кәсіпкер әйелдермен кездесті. Қазір өңірде өз бизнесін дамытып отырған 70 мыңға жуық әйел бар. 38 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындарының үлесі 42 пайыздан асады. Оның дені шағын және орта бизнесте. Біз тұрған Солтүстік Қазақстан облысында да өз ісін дамытып отырған әйелдер жетерлік. Бірақ бұл жерде ауыл әйелдерінің мәселесі өткір тұр.

А. Базарбай