Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам қаза тапты

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1092
Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам қаза тапты

Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін Алматы – Екатеринбург трассасында болды. «ВАЗ 21015» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «MAN» ауыр көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік аударылып, жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен. Оқиғаға қатысты «көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабымен тергеу басталды. Алайда жүргізуші мерт болғандықтан айып ешкімге тағылмаған.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-інші тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Қарағанды облыстық ПД көлік жүргізушілерді тағы да жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

А. Қуаш