Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Торғай өңірінде 745 сайлау учаскесі бар

AstanaTV
20.11.2022ж. 08:00
1693
Торғай өңірінде 745 сайлау учаскесі бар

Өңірлерде де дауыс берушілердің белсенділігі жаман емес. Таңғы 7-ден бастап сайлау учаскесіне жұрт жақсы келіп жатыр. Қостанай облысындағы тілшіміз Заңғар Санай қазір бізбен тікелей байланысқа шығады. 

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қайырлы таң, Әмина! Таңғы жетіде облыс көлемінде 745 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Соның тоқсан үші қалада. 177 мың 250 ға жуық адам облыс орталығында дауыс береді. Біз шаһардағы нөмірі жиырма бірінші учаскеде тұрмыз. Мұнда екі мың үш жүз адам дауыс беру керек.

Сәния ШӘРІПОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

93 сайлау учаскесі соның ішінде 6 жаңадан ашылды. Жаңа шағын аудандарда. Өйткені дауыс берушілер саны көбеюде. Шағын концерттер әртүрлі учаскелерде. Және фотозона дейді.Әртүрлі акциялар жүргізіліп жатыр.

Қаланың қарт тұрғыны Алма Мүслімова сайлау учаскесіне өзгелерден бұрын келді. Таңмен таласа өз таңдауын жасауға асыққан қарияға естелік сыйлықтар табысталды. Қарт ана ақ батасын жаудырып, сайлаудың сәтті өтуіне тілек білдірді.

Алма МҮСЛІМОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Неше сайлау болса сонша дауыс бердім. Ешқайсысына қалған жоқпын. Бала-шағам да солай. Келіндерім, қыздарым бәрі сайлауға келеді. Сайлауымызды сәтті өтуге нәсіп етсін. Астықты Қостанайымыздың мерейі таси берсін.

Қалалық сайлау комиссиясының хабарлауынша қалың жұрттың басым бөлігі тоғыз жарымнан бастап он бірге дейін белсенді қатысатын көрінеді. Сағат он екіден кейін қарттар мен денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген жүзден астам тұрғынға бюллетень жеткізіледі. Өңір учаскелерін халықаралық байқаушылар менқатар бейпартиялық орталық өкілдері өз назарында ұстап отыр.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Айта кетейін, сайлау учаскелерінің басым бөлігі әдеттегідей мектептер мен жоғары оқу орындарында, мәдениет ошақтарында орналасқан. Тобыл-Торғай өңіріндегі жарты миллионнан астам тұрғын бүгін өз таңдауын жасайды.

З. Санай