Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ОҚО да суға кету жиілеген

AstanaTV
01.08.2016ж. 20:00
2786
ОҚО да суға кету жиілеген

Оңтүстік Қазақстанда өткен демалыс күндері төрт адам суға кеткен. Олардың үшеуі сәби. Қайғылы жағдайдың бірі Мақтарал ауданында тіркелген, мұнда екі бірдей отбасы балаларынан айрылып қалды.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:

Суармалы каналдың бойында ойнап жүріп 2013 жылғы  және 2014 жылғы екі жас бала суға батып қайтыс болған. Денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған. 31 шілде күні осы Мақтарал ауданында тағы да бір оқиға тіркелген. «К-20» деп аталатын ол да суармалы каналдың бойында 2014 жылғы жас бала ойнап жүріп суға құлап, қайтыс болған.

Екі жағдайда да кішкентайлар ата-ана қарауынсыз қалған. Ал Шардара ауданында 55 жастағы азамат Сырдария өзеніне белгісіз жағдайда батып кеткен. Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері 56 суға кету оқиғасы тіркелген. Соның 35-і жас балалардың қатысуымен орын алды. Өкінішке орай, солардың 26-сы  екі мен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер. Мамандар, олардың дені үлкендердің назарынан тыс қалғандықтан, ауладағы хауіздер мен арықтардағы суларға ағып кеткенін айтады. Судан құтқарушылардың дерегінше, биыл суға кету оқиғасы жиілеп тұр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ