Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Бүгін біз үшін мереке», - еңбек ардагері

AstanaTV
20.11.2022ж. 12:00
1346
«Бүгін біз үшін мереке», - еңбек ардагері

Батыс Қазақстан облысында 505 сайлау учаскесі өз жұмысын бүгін таңғы сағат 7-ден бастады. Оның 14-і жабық мекемелерде орналасқан. Бұлар - тергеу изоляторы, әскери бөлім мен ауруханалар және әлеуметтік мекемелер. Оралдағы қарияларға арналған әлеуметтік мекемеде де бүгін қарбалас. Өйткені аға буын өте белсенді. Себебі ел тарихындағы елеулі күннің аса маңызды екенін жақсы біледі. Сондықтан сайлауға таңнан қатысып жатыр. Бүгін біз үшін мереке, - дейді олар.

Баймағамбет БАТЫРҒАЛИЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Жасым жетпістің жетеуінде. Өсіп келе жатқан немерелеріміз бар, балаларымыз бар. таңертең ерте тұрып, халықпен бірге дауыс беруге сайлауға келдім.

Е. Карин