Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ұшқыш курсанттар сайлауда өз таңдауын жасады

AstanaTV
20.11.2022ж. 12:00
1506
Ұшқыш курсанттар сайлауда өз таңдауын жасады

Ақтөбеде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының 300-ге жуық курсанты алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Арасында 29 курсант алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

Таңғы алтыда оянып, сайлау учаскесі алдында алғашқылардың бірі болып сап түзеген бұл ұшқыш курсанттар. Бүгін әскери оқу орнының үш жүзге тарта курсанты ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Болашақ ұшқыштар арасында 29-ы – 1-ші курс студенттері. Олар сайлауда алғаш рет дауыс берді.

Руслан ТРОЦЕНКО, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

Мен ел президентін сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Еліміздегі саяси процесстерге қатысуға мақтанышпен қараймын. Адам саяси процестерге қатыспаса өз еліне бәрібір деген сөз болады. Ал адам келіп өз таңдауын жасаса, бәрібір емес, өз болашағын ойлайды деген сөз.

Әскери оқу орнынан екі мыңға жуық адам сайлаушылар тізіміне алынған. Олардың арасында курсанттардан бөлек 600-г жуық келісім шарт бойынша офицер мен әскери қызметкер бар.

Орынбасар БЕКЕТ, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

Бұл біздің еліміз үшін, ел болашағы үшін үлкен көмегі тиеді деген ойдамын. Болашақ сайланған президент біздің болашағымызды жақсартады жақсы қолға алады деген үміттемін.

Нұржан ӘБДІРАЙЫМОВ, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Одан бөлек 1800-ден астам әскери қызметшілеріміз және олардың отбасы мүшелері өз сайлау учаскелерінде өз құқықтарын пайдаланды. Өз ойым өте жоғары деп ойлаймын. Біздің Тәуелсіздігіміз тыныштығымыз үшін өте маңызы зор деп ойлаймын.

Бақыт РАХМЕТОВА,ТІЛШІ:

Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі бар. Оның 162-і облыс орталығында орналасқан. Сондай-ақ 15 жабық сайлау учаскесінде азаматтар өз таңдауын жасады.

Б. Рахметова