Электоралды зерттеулер – кез келген саяси процестің негізгі өзегі. Сайлаушылардың көзқарастары мен саяси белсенділігін анықтайтын сайлау науқанының маңызды құралы. Еxit-poll елімізде алғаш 1999 жылы Президент сайлауында өткізілді. Содан бері бұл жүйе айтарлықтай дамыды. Біздің сарапшылар тәжірибе жинақтап, ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, іріктеу жүргізудің жаңа әдістемелерін меңгеруде.
Алмагүл МУСИНА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл Батыс Еуропа елдері жаңағы барлық электоралды процестердің ошағы, яғни референдумдардың ошағы болып табылатын. Ия, Скандинавия елдерінің, сонымен қатар АҚШ елінің методологиясын таза күйінде біз ала алмаймыз. Яғни сол метадологиялардың мына нүктесі, мына пункті, мына жері бізге келеді-ау деген тұстарын адаптациялау, яғни гибридті методологиясын жасап отыр.
Қоғамдық саясат институты – тәжірибелі ұйымның бірі. Қазақстан бойынша 600-ден астам интервьюер жұмыс істейді. Әр салада сұхбат берушілер, супервайзер, үйлестіруші, кураторлары бар. Бір зерттеу тобында 30-дан астам адам болады.
Ағжан ЖАҚСЫБАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Таңертеңнен бастап 10-ға дейін алғашқы сауалнамаларды жинаймыз. Нақты уақыт режимінде біз деректерді жалпы базаға жібереміз, онда олар осы уақыт аралығында қанша дауыс бергенін есептейді. Бізде жалпы 4 өлшем бар.
М. Қалиасқар