Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағандылықтардың белсенділігі жоғары

AstanaTV
20.11.2022ж. 12:00
1038
Қарағандылықтардың белсенділігі жоғары

Дәл қазір орталық сайлау комиссиясында брифинг өтіп жатыр. Тілшіміз Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шығады. 

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Рақмет, Әмина! Қазір сайлаушылардың 40 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Орталық сайлау комиссиясы елдегі және шетелдік сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер санын есептеді.

Уақыт белдеулеріне сәйкес, Токиодағы сайлау учаскелері бірінші болып жұмыс істей бастағанын атап өтемін. Астана уақыты бойынша дауыстар таңғы 4-тен бастап қабылданды. Сан-Францискода ашылған учаске соңғы болып есіктерін жабады. Калифорния штатымен айырмашылық 13 сағат болғандықтан, дауыс беру астана уақытымен дүйсенбі күні таңғы 9-да аяқталады.

Ал Елордада дауыс беру бес сағаттан бері жүріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, өңірлер арасында дауыс бергендер саны бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ал Алматы қаласының тұрғындары әзірге өз таңдауларын жасауға асығар емес.

А. Базарбай