Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Дауыс беру көрсеткіші екі сағат сайын жариялануда

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1321
Дауыс беру көрсеткіші екі сағат сайын жариялануда

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандықтардың сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша 2 сағат сайын брифинг өткізуде. Қазір әріптесім Ақбота Базарбай сол жерден тікелей эфирге қосылып, ақпаратпен бөліседі.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Орталық сайлау комиссиясының таратқан соңғы ақпараты бойынша көштің басын Түркістан облысы бермей тұр. Бұл жақта дауыс беруге құқылы халықтың 80 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Жаңадан құрылған облыстарда да көрсеткіш жаман емес. Абай мен Ұлытау облыстарының 80 пайызға жуығы бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Ал еліміз бойынша сайлауға қатысуға құқылы 12 млн-ға жуық адамның жартысынан көбі дауыс берді. Қазақстан бойынша барлығы 10101 учаске жұмыс істеп тұр. Қазақстандықтар кешкі сағат 8-ге дейін дауыс бере алады.

А. Базарбай