Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Танымал тұлғалар таңдауын жасады

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1545
Танымал тұлғалар таңдауын жасады

Қазақстанның еңбек ері, композитор, жазушы Ілия Жақанов дауыс берді. 86 жастағы ақсақал Атыраудағы №7 сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді. Соңғы 2005 жылғы президент сайлауы кезінде сайлау штабында белсенді қызмет еттім деген, өнер иесі еліміз үшін маңызды күнде әр азамат жауапкершілікті сезіну керек, - дейді.

Ілия ЖАҚАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

Біздің қоғам әділетті қоғам, қуатты қоғам және мызғымас бірліктегі ынтымағы зор қоғам болып, болашақта біздің бүкіл Қазақстанның жүзі жарқын сондай сәулелі, шуақты ел болуына шын жүректен үлкен қариялық, ақсақалдық басыммен келіп, шын жүректен дауыс беріп тұрмын.

Халық әртісі Асанәлі Әшімов отбасымен бірге президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Өнер тарланы Алматы қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Актер сайлауға қатысу – азаматтық борыш екенін атап өтті. Ол жастарды белсенділік танытып, еліміздің болашағына бей-жай қарамауға шақырды.

Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Халықтың жарқын болашағы үшін, жас ұрпақтың келешегі үшін мен өз даусымды бердім. Елдің үлкен ел болуы үшін үлкен азамат керек соны басқаратын. Азаматымыз дайын болса, біз бақыттымыз.

Б. Нәдірқызы