Президент сайлауына 10 халықаралық ұйым мен 35 елден 640 тан астам байқаушы қатысуда. Мұнан өзге саяси науқанды насихаттауға шетелден 260 тан астам БАҚ өкілі келген. Бүгінгі маңызды саяси науқан кезінде сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтың болмауын Президенттікке кандидаттардың да сенімді өкілдері де қадағалап отыр.
Расұл ШӘКӘРІМ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Қ.ӘБДЕННІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:
Менің ойымша, барлық жастар, бүкіл Қазақстан азаматтары өздерінің азаматтық борыштарын орындауы керек. Байқаушы ретінде келіп, осы жақта азаматтық борышымды орындап жатырмын. Жалпы қазір ешқандай да қателіктер жоқ. Барлығын дұрыс орындап отыр.
Алматыда 478 сайлау учаскесі бар. Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің сенімді өкілі Әлібек Шапенов халықтың белсенділігі жоғары екенін айтады. Өзі де дауыс берген.
Әлібек ШӘПЕНОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ М.ҚАЖЫКЕННІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:
Бір адам екі адамның атынан дауыс бере алмайды. 1 адам – 1 бюллетень. Сайлау күні агитация жасауға болмайды. Кабинкаға кірген кезде қасында ешкім болмау керек. Учаскелік комиссия мүшелері заңды міндетті түрде біледі, сақтайды.
Р. Бақытжанқызы