Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жамбылдық егіз Нұрбол мен Ербол дауыс беруге қазақы нақышта киініп келді

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
954
Жамбылдық егіз Нұрбол мен Ербол дауыс беруге қазақы нақышта киініп келді

Жамбылдық 19 жастағы Нұрбол, Ербол есімді егіз студенттер 28 сайлау уческесіне келіп өз таңдауларын жасады. Саяси науқанға тұңғыш рет қатысып отырған жастар дауыс беруге қазақы нақышта киініп келген. Ерекшеленген қос азамат дауыс беріп болған соң әннен шашу шашты.

Нұрбол мен Ербол бүгін алғаш рет дауыс берді. Егіз жігіт ел болашағының жарқын болатынына сенімді.

Нұрбол, Ербол ТІЛЕПБАЕВТАР, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алғашқы сайлау өте керемет өтті деген ойдамын. Бір сөзбен айтқанда көңілім кішкене толқып тұр. Мен де сол егізіммен бірге «Әділетті Қазақстан» құру үшін, Әділетті Қазақстанды бастау үшін егізіммен бірге дауыс беруге келдік. Көңіл-күйіміз өте керемет бір сөзбен айтқанда!

Өңірдегі 493 сайлау учаскесінде 3751 комиссия мүшесі халыққа қызмет көрсетті. Жалпы Жамбыл жерінде 716 610 сайлаушы тіркелген. Ал аймақта мүлдем тіркеуде жоқ сайлаушыларға да дауыс беруге жағдай жасалды. Қосымша ақпараттар үшін онлайн сервис қызметі және 11 колл орталықтары жұмыс істеді. Сонымен қатар облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды 30 инватакси сайлау учаскелерге тасыған.

Серғали АЙДАПКЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы жаңағы 716 мың сайлаушының 9800-і, 10 мыңға жуығы 1-ші рет дауыс берушілер облыс бойынша, 8 мыңнан аса 80-нен асқан кісілер. Содан кейін 2800-ден аса мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Сайлау барысын сырттан келген байқаушылар қадағалады. Жамбылға жіберілген 12 шетелдік, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше Америка, Ресей, Канада, Швеция, Даниядан келген.

Б. Жұмабай