$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«Елімізді алға сүйрейтін қайраткер керек», - Р. Алшанов

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
1562
«Елімізді алға сүйрейтін қайраткер керек», - Р. Алшанов

Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Жұрынов та сайлауға қатысып, азаматтық борышын орындады. Ол осынау маңызды күнде белсенділік танытып, еліміздің болашағы үшін үлес қосқан әр азаматқа алғысын білдірді.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің халқымыз білімді. Қазақстан халқының ішінде сауатсыздар жоқ. Бұл үлкен көрсеткіш. Мәдениетіміз де мол. Сондықтан елдің тағдырына байланысты Президент сайлау, келешекке көз жүгірту бұл осындай өркениетті мемлекеттің халықтарына тән.

Тұран университетінің ректоры, Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов «Елімізді алға сүйрейтін қайраткер керек» дейді. Айтуынша, Президенттің алдында тұрған міндет көп.

Рахман АЛШАНОВ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елімізде 7 жылдық көп қомақты мәселелер тұр. Оның бәрін шешу оңай емес. Осыны шешетін білікті адам керек, жан-жақты. Өз сөзінде тұратындай. Халықаралық жағдайды көріп отырмыз. Соған байланысты мықты бізге қайраткер керек.

М. Жақан