Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ШЫҰ, ОТГ және АҚШ бақылаушылары Қазақстандағы дауыс беру барысы туралы айтты

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1018
ШЫҰ, ОТГ және АҚШ бақылаушылары Қазақстандағы дауыс беру барысы туралы айтты

АҚШ-тың халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті Даниэл Витт Қазақстанда өткен сайлауды демократия жолындағы шешуші қадам деп атады. Ол 55 сайлау учаскесінің жұмысын бақылаған. Сайлаушылардың таңдау жасауында еркіндік байқалды дейді. Жалпы сайлау жақсы ұйымдастырылған және кәсіби түрде өткізілді деп қорытындылады.

Дэниел ВИТТ, АҚШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әсіресе жастарға баса назар аударғым келеді. Кеше олар болашақ үшін дауыс берді. Менің ойымша, бұл сайлау нәтижелерімен де байланысты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз уәделерін орындай алады және демократиялық реформалар жүргізуді жалғастырады деп үміттенеді. Кеше демократия жолында алға қадам жасалды деп санаймыз.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары да азаматтардың жоғары белсенділігін атап өтті. Бас хатшы Чжан Мин 22 сайлау учаскесіне барып, бүкіл процесті басынан аяғына дейін бақылап, ешқандай шағымдар мен ескертулер байқамағанын айтады.

Чжан МИН, ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Сайлау учаскелерінде дауыс беру және бақылау үшін барлық жағдайлар жасалды. Байқауға ешқандай кедергі болған жоқ.

Ал түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары сайлау адал және ашық өтті деп санайды. Айтуларынша, сайлау учаскелерінде ешқандай мәселе туындамаған.

Өмер КОЖАМАН, ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық сайлаушыларға жағдай жасалды. Дауыс беруге келгендер де көп болды. Түркі мемлекеттері Ұйымының байқаушылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ашық, әділ әрі бәсекеге қабілетті болғанын растайды.

А. Базарбай