$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Партиялық емес бақылау орталығы сайлау кезінде заң бұзушылықтар болмағанын айтты

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1173
Партиялық емес бақылау орталығы сайлау кезінде заң бұзушылықтар болмағанын айтты

Сайлау заңға сәйкес өтті. Партиялық емес байқаушылар орталығы осылай деп мәлімдеді. Қоғамдық бірлестік өкілдері еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде болды. Ең шалғай ауылдарға да барған.

Партиялық емес байқаушылар орталығының мамандары әр учаскенің ашылуынан бастап, бюллетеньдерді санау аяқталғанға дейін болды. Елордамыздың барлық дерлік учаскесінен бөлек еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауылдар да қамтылды. Бірлестік төрағасының айтуынша, бас қаламызда және өңірлерде де айтарлықтай заң бұзушылық тіркелмеген. Кейбір туындаған мәселелер тез шешілген.

Төлеген ҚҰНӘДІЛОВ, «ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дауыс беру үрдісіне қатысты байқаушылар тарапынан сайлау комиссиясының жұмысы туралы ешқандай сәйкессіздіктер, заңбұзушылықтар туралы ақпараттар түскен жоқ.

Сондай-ақ, төраға сайлау барысында екі жағдай тіркелгенін айтты. Бір сайлаушыға екі бюллютень берілгенін байқаған байқаушылар сайлау комиссиясының төрағасына ескертіп, акт толтырған. Содан кейін екінші бюллетень жойылып, сайлау комиссиясының мүшесі учаскеден шығарылған. Акт толтырмай, ауызша айтылған ескертпелер болды.

Төлеген ҚҰНӘДІЛОВ, «ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мысалы, мынау Жамбыл облысында байқаушылар сайлау комиссиясының мүшесі бюллетеньге алдын ала қойған фактілері анықталған болатын. Біздер дереу сол учаскедегі байқаушыға хабарласып, ол сол мәліметті растады. Ауызша айтқаннан кейін ол мәселе тоқтатылған болатын.

Сайлау учаскелерінен алынған барлық ақпарат 20 аймақта орналасқан ахуалдық орталықтарға жіберілді. Талдау жүргізілді. Байқаушылар атап өткендей, сайлаудың шынайылығы мен ашықтығына әсер ететін заң бұзушылықтар болған жоқ.

А. Серік