$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда алып бала дүниеге келді

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
2736
Атырауда алып бала дүниеге келді

Атырауда алып бала дүниеге келді. Салмағы 6 келіге жуықтайды, бойы 60 сантиметр болатын сәбиді дәрігерлер кесір тілігі арқылы алған. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала. Айта кетейік, бұл – облыс бойынша биыл дүниеге келген алғашқы алып бала. Медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса ірі, ал 5 келіден асса алып саналады.

Інжу МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ:

Ақгүлім есімді босанушымыз төртінші нәрестесін өмірге алып келді. Өмірге ер бала, салмағы 5 келі 760, бойы 60 см болатын алып бала дүниеге келді. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жоспарда ертеңгі күні үйіне шығуға дайындалуда.

Б. Нәдірқызы