Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өткізілген саяси науқан елдің дамуы үшін ерекше маңызға ие, - Е. Қарин

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1190
Өткізілген саяси науқан елдің дамуы үшін ерекше маңызға ие, - Е. Қарин

Сайлауда 80%-тен астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісі халықтың қолдауының жоғары дәрежесін көрсетті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-дағы парақшасында Президент сайлауына қатысты пікір білдірді. Ол сайлаудың қоғам мен биліктің даму перспективалары біртұтас екенін көрсетті дейді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Маусымдағы референдумда қазақстандықтардың 77%-тен астамының конституциялық реформаны мақұлдауы, биліктің ағымдағы әрекеттерін қолдауы деп білемін. Референдум қоғамның жаңа деңгейге шығуын көрсетсе, ал президенттік сайлау азаматтарды біріктіруге ықпал етті. Үлкен сайлау науқанының бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Алда парламенттік және мәслихаттық сайлау бар. Еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында бұл да үлкен белес деп айтар едім.

А. Серік