$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1521
Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Олар- көлік жүргізушісі және алты жолаушы. Оқиға бүгін таңғы тоғыздың шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған. «Ваз 2114» көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып «Lada largus» көлігімен соғысқан.

Айдос ҚҰЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ларгус автокөлігінің жүргізушісі және төрт жолаушысы оқиға орнында қаза болып отыр. Сонымен қатар екі жолаушысы аудандық ауруханада қаза болды және де киа автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген.

Б. Рахметова