Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Халық саны 500 мыңнан асатын өңірлерді басқарудың жаңа моделі енгізіледі

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
1786
Халық саны 500 мыңнан асатын өңірлерді басқарудың жаңа моделі енгізіледі

Халық саны 500 мыңнан асатын өңірлерді басқарудың жаңа моделі енгізіледі. Бүгін Мәжіліс «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Агломерация үш мегаполис пен кейбір облыс орталықтарынан және қала маңындағы елдімекендерден тұрады. Ондағы проблемаларды әкімдіктер енді бірігіп шешеді. Соңғы жылдары ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі байқалуда. Салдарынан түрлі мәселелер туындап жатыр. Оларды реттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Сондықтан арнайы заң қабылданбақ.

Зәкіржан КҮЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Алматы облысының 5 ауданы осы қалаға кіріп жатыр. Сол аудандарды қалай дамытамыз, сол аудандарда қалай жұмыстар қамтамасыз етеміз деп, міне, екі әкім жұмыс істеу керек. Сол үшін осы біздің бүгін айтып жатқан заңнамамыз, соған мүмкіншілік береді дейміз.

Депутат Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, өңірлік әрі республикалық деңгейлерде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және агломерацияларды дамыту мәселелерін шешу үшін Агломерациялар жөніндегі кеңестер құрылады. Сонымен қатар, бес жылдық кезеңге кешенді жоспар әзірленбек. Заң жобасы қала құрылысын , көлік инфрақұрылымын жоспарлап, сәулет және құрылыс қызметін, бюджеттік процестерді іске асыру саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.

Б. Сатуов