Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

AstanaTV
02.08.2016ж. 20:00
2144
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Әлемдегі негізгі энергоресурстарға бағаның төмендеуіне байланысты биыл елімізде мұнай өндіру көлемі қысқарды. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мұнай-газ және энергетика салаларындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және  отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту жайына назар аударды. Бұдан бөлек, Президент ғылыми-технологиялық әлеуетті арттыру шараларын қабылдау мен «жасыл экономикаға» өтудің маңыздылығын атап өтті. Кездесуде энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын арттыру және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін ұлғайту мәселесі сөз болды. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 38,8 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97% құрайды. Биыл жыл соңына дейін өндіру көлемін 75 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.  6,9 млн тонна мұнай өңделді, ол былтырғымен салыстырғанда шамамен 5% артық.

Берік ХАСЕНОВ