Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еліміздің ұшқыр ойлы жастары Қызылорда қаласындағы интеллектуалды ойында бас қосты

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
907
Еліміздің ұшқыр ойлы жастары Қызылорда қаласындағы интеллектуалды ойында бас қосты

Еліміздің ұшқыр ойлы жастары Қызылорда қаласындағы интеллектуалды ойында бас қосты. Аудандар мен өзге қалалардан келген 20 команда 5 кезең бойынша бақ сынады.

«IQ-ORDA» республикалық интеллектуалдық сайысы аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Оған қатысушылар аудандардан өзге еліміздің бірқатар қалаларынан арнайы келген. Оларға ел тарихынан өзге логикалық сұрақтар қойылды. Жастардың ғаламтормен байланысын шектеу мақсатында ұялы телефондары алдын ала жиналып алынды.

Айбек ШЕГЕБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ:

Осындай жарыстар көп болса. Өйткені интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында осындай жарыстардың атқаратын рөлі өте жоғары деп ойлаймын. Критикалық ойлауды дамытуға дәл осындай жарыстар тікелей әсер етеді. Өйткені бұл жерде фактімен емес, адамның логикасын дамыта отырып, криталық деңгейін дамытуға керемет әсері болатын жарыс.

Бәсі биік бәсекеге қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары арнайы, келіп, сәттілік тіледі. Ел болашағы жолында жастарға үлкен сенім артылатынын тілге тиек етті.

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тарихтан жақсы білеміз, ХІХ ғасырға дейін мемлекет күшті мемлекет болуы үшін оның қара күші керек болды. ХХ ғасырда ақша үстемдік алды. Ал ХХІ ғасыр білім мен интеллектуалды адамдардың уақыты. Қай заманда да қандай біздің ұлыларымыз болмасын жастарға көп үміт артады.

Білімдінің мәртебесі биік, мерейі үстем. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Ал мұндай сайыстар жастардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын оятады дейді ұйымдастырушылар.

Талғат ТІЛЕС, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

Жастар ресурстық орталығы жастардың рухани, интеллектуалды дамуына үнемі өзінің назарынан тыс қалдырмайды. Биыл бірінші рет аймағымызда республикалық деңгейді «IQ-ORDA» интеллектуалды сайыс өткізіліп отыр. Сайыстың негізі мақсаты жастар арасында білімді, ғылымға құштар жастарымызды қолдау болып табылады.

Сайысқа 18 бен 35 жас аралығындағылар қатысты. Жер-жерден келген 20 команда 5 кезең бойынша сынға түсті. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

М. Тоқтасынқызы