Астанада «Astra plat» электронды картасын қолданудың тарифі мен бағыты бекітілді. Әзірге төлем жүйесінің бірінші кезеңінде әлеуметтік санаттағы 6 топқа тегін жүруге жеңілдік жасалып отыр. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының өкілдері мәлімдеді.
Айта
кетейік, «Astra plat» картасы 4 аймаққа шығарылады. Оған елорда іргесіндегі 24
елді мекенге қатынайтын 14 автобус бағыты кіреді. Ақысы әрбір 15 шақырым сайын
90 теңгеден 400 теңгеге дейін өсіп отырады. Балаларға 50 пайыз жеңілдік
қарастырылған. Ал бүгінге дейін әлеуметтік санатқа жататын 6 топтағы
тұрғындардың жеке аты- жөні жазылған 7 мың карта таратылған. Мұндай карта әу
баста 60 мың дана болады деп жоспарланған және 88 мың оқушыға жасалуы тиіс. Ал
өзге тұрғындар үшін электронды қартаның құны - 400 теңге.
Әбдіхамит
Тамабаев, «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі маманы:
Астана
қаласының мәслихатымен жеңілдігі бар санаттарға 6 санат енгізілген. Бұл - ҰОС
қатысушылар және сонымен теңестірілген азаматтар. Екінші - зейнеткерлер. Үшінші
- 1,2 және 3 топтағы мүгедектер. Төртінші - көпбалалы аналар. Бесінші -
көпбалалы отбасы мүшелері.
Құралай ПИОНЕР