Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шетелдік автокөліктерді 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады, - Сенат

AstanaTV
24.11.2022ж. 20:00
1245
Шетелдік автокөліктерді 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады, - Сенат

Қазақстанға 1 қыркүйеккке дейін кірген шетелдік атвокөліктерді енді бірыңғай алыммен тіркеп, заңдастыруға болады. Оның құны – 200 мың теңге. Сенат заңды қабылдады, құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Ғұмар ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бірыңғай алымның белгіленуі 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға жағдай жасайды, сондай-ақ осы автомобильдер бойынша көлік құралдарына салынатын салық жергілікті бюджетті толықтырады. Тұтастай алғанда аталған заң жобасы салық төлеушілерге, мемлекеттің мүдделеріне, сондай-ақ ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп есептейміз.

Бұл заңда кәсіпкерлерге қатысты да жағымды жаңалық бар. Онда олардың салық жүктемесін азайту туралы айтылған. Мәселен, егер қазір шағын және орта бизнес еңбекақы төлеу қорының 34,5%-ын төлеуі тиіс болса, келесі жылдан бастап олар бірыңғай төлемді өз еркімен өтей алады.

Бірқатар түзетулер азық-түлік тауарларының бағасына да оң әсер етуі керек. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін қосылған құн салығының сомасы 70%-ға азаяды, ал қант шикізатын импорттаушылар қосымша құн салығын төлеуден толығымен босатылады.

Б. Сатуов