Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңына жиналған жастар саяси науқан жұмысын қорытындылады

AstanaTV
24.11.2022ж. 20:00
1138
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңына жиналған жастар саяси науқан жұмысын қорытындылады

Еліміздегі үш бірдей саяси партия, 22 қоғамдық ұйым атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жетуі заңды. Үгіт-насихат кезінде сенімді өкіл болған 7 мыңнан астам жастың пікірі осындай. Олар 42 қала 5 мың ауылды аралау барысында оған көз жеткіздік дейді. Бүгін «BIR TOLQYNDA» диалог алаңына жиналған жастар саяси науқан жұмысын қорытындылады.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең негізгісі,біз сайлаудың ашық, таза әрі біздің кандидатымыздың айқын басымдықпен өткенін еш күмәнсіз қабылдаймыз. Себебі, біздің барған әрбір ауыл-аймақтарымызда, ірі қалаларымызда әсіресе жастардың тарапынан әділетті, қуатты Қазақстанды құруға деген ұсыныстарды, ниетті біз сезіп, есітіп, көзімізбен көріп келдік.

Кезектен тыс Президент сайлауынан жалпы халықтың саяси белсенділігінің артқаны аңғарылады. Мұны Қоғамдық саясат институты дәлелдеп отыр. Қоғамдық ұйым жүргізген алдын ала болжам Exit poll қорытындысымен сәйкес келген.

Динара СӘДУАҚАСОВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықтың саяси сауаты, саяси белсенділігі артқанын көруге болады. Азаматтар референдумға, сайлауға қатысып, белсенділік танытуда. Қоғамдық сана қалыптасқан. Олар бірігіп, ауқымды шешімге әсер ете алатынын ұғынған. Билік пен қоғам арасында байланыс нық орнаған. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы қалыптасқан.

Р. Бақытжанқызы