Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі 2025 жылы толық шешіледі

AstanaTV
24.11.2022ж. 20:00
2520
Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі 2025 жылы толық шешіледі

Ақтау қаласының ауыз су мәселесі шешіледі. Өңірде 2 жоба жүзеге асырылмақ. Соның негізінде халықтың 70 проценті сумен қамтылады. Ал бір жылдан кейін мұны 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ақтау қаласы және оған іргелес жатқан елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттылығын 20 мыңнан 40 мың текше метрге ұлғайту жоспарлануда.

Бақыт ШАПҚАН, «КАСПИЙ» СУ ТҰЩЫТУ ЗАУЫТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұнайлы, Ақшүкір, Қарақиян аудандарының мәселесі шешіледі. Қазір су тұщыту зауыты күніне 20-25 мың текше метр су шығаруда. Бұл сумен біз үш ауданды қамтып отырмыз.

Жоба құны -12,1 миллиард теңге. Бұл қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде бөлінген. Өңірде ауыз су проблемасын реттеуге инвесторлар да тартылмақ. Келер жылдың бірінші жарты жылдығында тағы бір қуаттылығы тәулігіне 20 мың текше метр су тұщыту зауытын іске қосу көзделген.

Нұрлан ОРЫНБАСАРОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жалпы 9 су тұщыту зауытын салу жоспарда бар. Қазір 3 зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Биыл шілде айында Қаражанбас іске қосылған. Қазір күніне 10 текше метр су тұщытылуда. Келер жылы Форт Шевченкода күніне 5 мың текше мтер су тұщытатын зауыт, ал Кендірліде 50 мың текше метр су тазалайтын кәсіпорынның құрылысы басталады.

Жақында компаниялар тобы мен Маңғыстау облысының әкімдігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Орталық сумен жабдықтау торабына дейінгі аумақта насостық станция мен сумен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыру бойынша меморандумға қол қойды. Жоба құны шамамен 2 миллиард теңге. Нәтижесінде 230 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады.

А. Серік