Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласына 1000-нан астам жылытқыш жеткізді

AstanaTV
28.11.2022ж. 19:09
981
«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласына 1000-нан астам жылытқыш жеткізді

«AMANAT» партиясы Екібастұз қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізді. Онда 1000-нан астам жаңа электр жылытқыш, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар бар. Партия төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасымен депутаттық фракция мүшелері қала жұртшылығына жедел көмек көрсетіп жатыр.

Берік ЖӘКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Екібастұзда болған төтенше жағдай барша қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Зардап шеккен тұрғындарға «AMANAT» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсететін болады. Партияластар әсіресе, бастауыш партия ұйымдары өкілдері және депутаттар көмек беріп, қол ұштарын созуда. Партияның елордалық филиалынан барлық гумманитарлық көмек жиналып, Екібастұзға жіберілетін болады.

Сондай-ақ, волонтерлер штабы ашылды. «Жастар Рухының» белсенділері үй-үйді аралауда. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинап жатыр.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жас рухтастар бұл көмекті аманат етіп арқалап, сол Екібастұзда көмек көрсетуге кірісіп кетті. Бүгін міне арнайы жас рухтастар атынан Астана қаласынан аттанып, сол жерде жұмыс жасайды.Жалпы Екібастұз қаласында жағдай тұрақталып, орынына келгенше "AMANAT" партиясының жастар қанаты "AMANAT" партиясы көмек көрсететін болады.

Б. Сатуов