Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Екібастұзда «Жастар рухының» белсенділері тұрғындардан түскен өтінішті саралап, қажетті көмекті үйіне жеткізіп береді

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1569
Екібастұзда «Жастар рухының» белсенділері тұрғындардан түскен өтінішті саралап, қажетті көмекті үйіне жеткізіп береді

Екібастұзға 1000-нан астам жылыту құралы жеткізілді. Қала халқына қолдау көрсету үшін волонтерлар штабы құрылды. Мұнда көмекке мұқтаж адамдар хабарласып, қажетті заттарға тапсырыс беруге болады. «Жастар рухының» белсенділері тұрғындардан түскен өтінішті саралап, қажетті көмекті үйіне дейін жеткізіп береді. Бірініші кезекте жылусыз қалған тұрғындар, жалғызбасты қариялар, мүгедек жандар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілуде. Бүгін олар 1000-нан астам жылытқышты үй үйлерге таратты.

Вера КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жылытқыштардың алғашқылары «AMANAT» партиясының депутаттары есебінен жиналды. Бірінші кезекте жылытқыштар Екібастұз қалалық ауруханасына берілді. Мұнан соң игілікті шараға бүкіл Қазақстан жұмылды.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Ең бірінші кезекте әлеуметтік топтағы азаматтарға жылытқыш құралдарын беріп, қосып сондай жұмыс жасап жатырмыз. Кеше түні арнайы өтінімдерді қабылдап, сол жердегі адрестерге барып көрдік. Сонымен арнайы жұмыс істеп жатқан бригадаларға барып, жылы шәй мен ыстық тамақ тараттық.

Көмекке алғашқы боп, қол жеткізгендердің бірі — Гүлдан Қайырбаева. Ол – 4 баланың анасы. Кішісі небәрі 6 айлық. Суықтан ауырып қалыпты. Еріктілер әкелген жылытқышқа қатты қуанды.

Гүлдан ҚАЙЫРБАЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Суық. Өте суық. Батерея жай ғана жылы. Балам ауырып қалды. Рахмет сізге жақсы болды. Қазір қыстырып жылынып отырмыз.

Ө. Қуанар