Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылжарда былтыр ғана ашылған мектепте оқушылар тоңып отыр

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1749
Қызылжарда былтыр ғана ашылған мектепте оқушылар тоңып отыр

Қызылжарда былтыр ғана ашылған мектепте оқушылар тоңып отыр. Кейбір класта термометр көрсеткіші 13 градус шамасында. Балалар сырт киіммен отыруға мәжбүр.

Санжар ҚУАНЫШБАЙ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

Мектептің әсіресе дәлізі салқын. Бізді бүгін басқа кабинетке отырғызды. Біз қалың аяқ киімді шешпейміз. Себебі аяғымыз тоңады. Балалардың көбі ауырып жатыр.

Мектеп-лицейде 900-ден астам оқушы білім алады. Директор мұғалімдердің де ауырып қалуы жиілегенін айтады. Құрылыс кезінде бірқатар кемшілік жіберілген дейді. Осыған байланысты олар мердігерге сан мәрте шағымданған.

Рәзия ҚАСЫМОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT ЛИЦЕЙ-МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектептің дәлізі - 300 шаршы метр. Онда небәрі 5-ақ батарея орнатылған. Мердігерлер жазда бізге колорифер орнатуы тиіс еді. Бірақ ол жұмысты қазір ғана қолға алайын деп жатыр.

А. Құрманкин