Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақы төбет пен тазы иттердің тұқымын сақтап қалу үшін арнайы заң қабылданбақ

AstanaTV
30.11.2022ж. 20:00
2793
Қазақы төбет пен тазы иттердің тұқымын сақтап қалу үшін арнайы заң қабылданбақ

Қазақы төбет пен тазы иттердің тұқымын сақтап қалу үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге қаражат бөлінбек. Заң жобасы бүгін мәжілісте мақұлданды. Депутаттардың айтуынша, осы құжат негізінде уәкілетті орган құрылады. Олар асыл тұқымды құмай тазы мен қазақы төбеттің тұқымын сақтап, қатарын көбейтпек.

Ақтөбелік Талғат Ермағанбетов 30 жылдан бері құмай тазылар мен асыл тұқымды иттерді өсірумен айналысады. Тазының таза тұқымы жоқтың қасы деп отыр. Ақтөбенің өзінде шамамен 400-ден астам тазы ит бар екен. Бірақ оның асыл тұқымдысы саусақпен санарлық. Себебі, көбісінің тұқымы шатысып кеткен.

Талғат ЕРМАҒАНБЕТОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Еркек тазылар бар оншақтысы ма, мүмкін он бес па? Ұрғашы тазылардан жақсы тұқым алатын олардан 30 шақты ғана шығатын шығар. Дұрыстап зерттеп қарасақ.+Қазақы тазы кішкене қаны таза болса, ол бірден орнынан қоян ала-алмайды. Оған кішкене бойын жазып, қыздырып, содан кейін ғана қоян алады.

Түсініксіз төрт аяқтылар көбейді. Иттің төресі төбеттерді табылдырықтан көрмейтін болдық. Таза тұқымын сақтауға қам жасаған жөн. Мәжілісмендер заң жобасын мақұлдады. Мақсат, таза тұқымын көбейту.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда қазақ ит тұқымдарының генофондының нашарлау үрдісі ғана емес, сонымен қатар еліміздің көптеген өңірлерінде толық жойылу қаупі бар. Қазақ ит тұқымдарының қолайсыз жағдайларының негізгі себептері қазақ иттерінің гшенофондарының жай-күйін бағалау, олардың ғылыми зерттеуі болмауы, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың болмауы болып табылады.

Құмай тазылардың көбейгенін көпшілік қолдап отыр. Бірақ миллиардтап қаржы жұмсау санаға сыймайды дейді экономистер. Көп қаржы жұмсамай бұл жобаны жүзеге асыруға болады деп санайды.

Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, ЭКОНОМИСТ:

Осы 1,4 млрд теңгені қаяғымызға жетісіп бөлеміз, тазы менен төбетті көбейтуге деуі де мүмкін. Бірақ -бұл деседағы көтерілетін мәселе. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ алдымен соған дейінгі тұрған кезектегі мәселелерді шешіп алған дұрысқой деп ойлаймын.

Таза тұқымды төбеттерді көбейтуді осылайша мемлекеттік қолдау арқылы шешуді көздеуде. Әзірге Заң Сенатқа жолданды.

Б. Сатуов