Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыдағы Ұлттық аграрлық университеттің қызметтік жатақханасына қатысты дау шықты

AstanaTV
03.08.2016ж. 20:00
2735
Алматыдағы Ұлттық аграрлық университеттің қызметтік жатақханасына қатысты дау шықты

Алматыдағы ұлттық аграрлық университеттің қызметтік жатақханасына қатысты дау шықты. Бұған баспана үшін төленетін төлемдердің бірнеше есеге көтерілуі себеп болған. Жатақханада алды 20-25 жылдан бері тұрып келген жандар енді баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Оқу орнының басшылығы болса, акционерлік қоғамға айналған соң, табыс табу мақсатында жатақхана төлемақысын көтеруге мәжбүр болғанын айтып ақталды. Тараптарды Ришат Асқарбекұлы тыңдап қайтты. 

Август айында көрсеткен сумманы төлеуіміз керек. Әйтпесе басқа шаралар қолданамыз деп отыр.

Түлкібай Әсемқұлов Аграрлық университетте 1967 жылдан бері қызмет істейді. Жақында 80 жасқа толатын ақсақал  - университет  жатақханасының байырғы тұрғыны.  25 жыл бойы осы бөлмеде бала-шағасымен тұрып келеді.  Оқу орнының басшылығынан коммуналдық төлем бойынша тиісті хабарламаны алған қария мұндай қаражатты қалтасы көтермейтіні айтып отыр. 

Түлкібай Әсемқұлов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қызметкері:

Әркез бізді қорқытады. Шығарамыз деп. Өмір бойы істеген еңбегіміз жетеді. Қалай бұл? Тоқсан мың теңгеден не ол? Оны кім табады?

Жатақхана тұрғындарының 80 пайызы - аталған оқу ордасының қызметкерлері. Арасында профессорлар мен оқытушылар да бар. Олар  университет басшылығы қиянатқа барып отыр деген пікірде. Оқу жылы жақындағанда қызметкерлерді жатақханадан шығармақшы,-дейді. Орташа жалақы алатын азаматтардың мұндай қаражатты төлеуге мүмкіндігі жоқ. 

Гаухар Жасыбаева, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  оқытушысы:

Бұл құлақтандыруда, егер біз 2733 теңгені шаршы метріне есетегендегі төлемақымен келспесек, 15 августен бастап бөлмелерді босатуымыз керек екен. Яғни біздің балаларымыз мектепке бармай ма, балабақшаға бармай ма? Біз қалай дайындаламыз? Қайдан аяқ астынан қаңғып квартира іздейміз?

Университет  басшылығы бұл сандардың аспаннан алынбағанын айтады. Оқу орнының қаржыгерлері есептей келе, жатақханадағы әр шаршы метр  үшін 2000 теңге төлемақы белгілеген. Мұнда әр отбасына орта есеппен 33 шаршы метрлік бөлмеден келеді. Қысқасы, Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығы негізінде әрекет етіп отырмыз, дейді ауыл шаруашылық университетінің проректоры.

Әбдікәрім Серікбаев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры:

Министрліктің 2009 жылғы №374 бұйрығы бар. Сонда студенттер мен докторанттар шәкіртақысының 15 пайызын жатақхана үшін төлейді деп көрсетілген. Сол бұйрықта оқушылардан өзге біздің қызметкерлер де төлемақыны содан кем төлемуі тиіс деп көрсетілген. Бір шаршы метріне 2050 теңге шығып отыр. 

Оқытушылардың сөзінше, университет басшылығы қызметкерлерді жеке-жеке шақырып түсіндірме жұмыстарын жүргізуге көшкен. Бұл талапқа келіспегендердің, жатақханадан шығарылатындығы ескертіліпті. Ал тұрғындар, қандай да бір  бір келісімге келе алмасақ, алдағы уақытта заңгер жалдап, сотқа арыз жазамыз деп бекініп  отыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ