Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Екібастұзда 17 көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
1553
Екібастұзда 17 көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ

Екібастұзда жағдай әлі тұрақсыз. 17 көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ. Қала билігі күні кеше жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деген болатын. Бірақ ол әзір мүмкін болмай тұр.

Екібастұз халқының жылусыз отырғанына бүгін бесінші күн. Әсіресе, Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы 17 көпқабатты үйдің жағдайы мүшкіл. Мамандар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Алайда құбырлар қатып қалғандықтан үйлерге жылу жүргізу мүмкін болмай тұр.

Бақыт ШӘКІРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көрпенің ішіне кіріп кетеміз. Аяққа етік киеміз. Соны жүрміз. Осы қалыппымызбен жүреміз үйдің ішінде. Суық деген бәле екен. Аяқтан өтіп кетеді. Етікпен жүрсек те.

Амалы таусылған халық жылытқыш қосып әлек. Соның салдарынан жеке меншік үйлердің бірінінен өрт шықты. Абырой болғанда, адам аман. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды.

Темірбек АЙСАБЕКОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ №2 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жер үйде обогревательдар қосқан. Батереялары қатып қалған. Соларды жылытамыз деп үйде сол батереяның жанындағы үйде стенкадағы ағаштар жана бастаған. Дәл кезінде хабарлама түсіп, өрттен аман қалды.

Соңғы күндері электр қуатына тым көп жүктеме түсуде. Соның салдарынан тоқ сымдары балқып, жарық жиі өшіп қалуда. Қазір 7 жекеменшік үйде жарық жоқ. Ал 58 үй сусыз отыр.

Олег КРУГ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Кеше Шешенбеков көшесіндегі трансформатор істен шықты. Қазір оны ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Кешке дейін қалпына келтіреді. Ал сусыз қалған үйлерге ауыз су жеткізілуде. Су құбырын жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін Екібастұзға Үкімет басшысы келді. Кінәлілер жауапқа тартылады деді ол.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бұл апаттың негізгі себебі мынау желілердің тозығы. Және ТЭЦ-ті басқару жұмыстарының сәтсіздігі. Және тиісті инвестициялар салынбағаны. Қазір тисті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Және осы апатқа себеп болған адамдар жазаға тартылады.

Смайыловтың айтуынша, жағдай бүгін-ертең қалыпқа түседі. Барлық үйге жылу беріледі.

Ө. Қуанар