Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

16 жыл бұрын Шымкентте ауруханада «ВИЧ» жұқтырған балалардың тағдыры не болды?

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
2499
16 жыл бұрын Шымкентте ауруханада «ВИЧ» жұқтырған балалардың тағдыры не болды?

Бүгін - дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Елімізде ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 30 мыңнан асады. «Ғасыр дерті» атанған бұл вирустан емделу мүмкін бе? Қауіпті аурумен күресіп жатқандар не айтады? Тілшіміз Аружан Задабек материал әзірледі. Сюжетті көрейік.

16 жыл бұрын Шымкентте дәрігерлердің жауапсыздығынан 220 бала ВИЧ инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында небәрі 1,5 жастағы сәби де болды. Көк жөтелге қарсы екпе алған баланың температурасы көтеріліп, ауруханаға түседі. Сол кезде сәбиге «ВИЧ» инфекциясы жұққан. Осы жағдайдан кейін ата-әжесі одан бас тартыпты. Анасы ғана онымен бірге қауіпті дертпен әлі күресіп келеді.

Алтынай, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өмірден түңілдік, өмірден кетеміз деп ойладық. Бірақ, күресіп, қазір Аллаға шүкір, жеңіп, грантта оқып жатырмыз. Ол біледі екен да, бәрінің алдап жүргенін. Ашуланатын, бар ашуын апайларынан алатын. Ашуға тура келді. 12 жасында аштым. Сөйтіп жеңілденіп қалдық. Бірақ ол ауыр болды.

Ал Мақсаттың кеселді дертпен күресіп жүргеніне 15 жыл болды. Алғашында есірткіні ермек қылып, артынша жаман ауруды жұқтырған. Сүйген жары да ВИЧ-тің ілмегіне ілініпті. Жұбайлар өмір үшін күресуді тоқтатпады, күні бүгінге дейін тұрақты түрде ем қабылдап келеді. Қазір олардың бір қызы бар. Бала сап-сау.

Мақсат, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім жариялап, өзім айтқанмын негізі. Вичпен ауырамын деп, бүкіл таныстарыма, туыстарыма. Сол кезде көбісі сөйлеспей, жақындатқысы келмейтін болды. Одан кейін как-бы уже бір дастарханда кездеспейтін болдық.

Мақсат қазір Дубайдағы белді компанияда жұмыс істейді. Науқас басқа түскен сынаққа мойымай, қиындықтан дер кезінде шыға білді. Дәрігер Салтанат Мусина да бұл дерт – өмірдің соңғы демі емес – дейді. Елімізде кеселмен күресіп, өмірдің жаңа парағын ашқандар көп екенін айтады.

Салтанат МУСИНА, АСТАНА қ. ЖИТС-тың АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Антиротавирусқа қарсы терапияның ең негізгі принципі ол – қандағы вирустың көбеюін тоқтату. Науқастың жұмысқа қабілетін сақтайды. Жұмыс істеуге, оқуға, отбасын құруға және де бізде есепте тұрған АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер дүниеге дені сау баланы дүниеге әкелуге мүмкіндік береді.

Астанада ЖИТС-пен ауыратын 1847 адам тіркеуде тұр. Оның ішінде кәмелетке болмаған 18 бала бар. Бұл- ресми мәлімет. Бейресми статистка одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тіркеуде тұрғандардың 60 проценті ауруды соңғы 5 жылда жұқтырған. Басты себебі - жастардың, тіпті мектеп оқушыларының арасында кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсу деректерінің күрт көбеюі дейді мамандар.

Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

ВИЧ инфекциясына шалдыққан адам міндетті түрде әлеуметтік эмоционалдық кедергілерге тап болады. Одан кейін эмоцоналдық көңіл күйі бұзылады. Қоғам көбінесе ВИЧ инфекциясына шалдыққан адамдарды айыптайды, қабылдамайды. Сондықтан да адам баласы қоғамның айыптауынан, қорлауынан және қоғам оны оқшаулап тастайды дегеннен қорқып жатады.

ВИЧ жұқтырған адамнан бәрі қашады! Маған осы дертті жұқтырдың дегенде мен де дәл осындай пікірде болдым. Алайда, арада уақыт өтті. Қазір жұмысым да, үйім де, отбасым да бар. ВИЧ-пен ауыратындардың бірі дәрігер салғырттығынан дертке шалдықса, енді бірі ойланбай жүріп от басқандар. Қалай болса да олардың барлығы ел қатарлы өмір сүруге құқылы. Сондықтан жұқпалы дертке шалдыққандарды өзекке теппей, өзімізге жақын тартып, қоғамға қосу баршамызға ортақ міндет.

А. Задабек