$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Халықтан түскен өтініштердің 96 пайызы жауапсыз қалады

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
1296
Халықтан түскен өтініштердің 96 пайызы жауапсыз қалады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы қала тұрғындарының шағымдары мен өтініштеріне жауап бермейді. «AMANAT» партиясының мүшелері тексеріс жүргізген. Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс тобы медициналық мекемелердің қызметін мұқият қадағалады. Көптеген кемшілік анықталды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтар да бар.

Гүлмира ӘБДІКӘРІМОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚФ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Біздің назарымызды аударған мәселе ол профильді стационарлық бөлімдерде мысалы пульманалогия, травмотология, неврология афтольмология бөлімдері бойынша жоспарлы түрде емдеу мекемесіне жатудың қолжетілімдігінің төмендігі.

Сондай-ақ, партиялық «аудиторлар» қала тұрғындарының шағымдары мен хаттарын елеусіз қалдыру жағдайларын анықтады. Өтініштердің 96 пайызы жауапсыз қалады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына барлық ескертулер мен салғырттықты жоюға екі ай уақыт берілді. Айтылған түзетулердің орындалуын бақылауды «AMANAT» партиясының мүшелері назарында ұстайды.

Ерболат ҚАСЫМОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚФ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Осы отырыстан кейін басқарма басшысы «жол картасын» дайындайды. Бар кемшіліктерді қалай жояды. Қай уақытта жойылады. Және бізге нақты күнін, айын айтып береді.