$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысында жылу маусымына қажетті отын қоры бар

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
1347
Ақмола облысында жылу маусымына қажетті отын қоры бар

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық жан-жақты жүргізілген. Қазір өңірге қажетті отынның 2 айлық қоры бар. Маусымды өз деңгейінде өткізу үшін қазынадан 8 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оған қазандықтар жөнделіп, көмір мен мазут алынған. Бәрі ойдағыдай дейді жауаптылар.

Бурабай ауданындағы жылу орталығында биыл 3 қазандық жөнделіп, қондырғылар жаңартылды. Бұдан бөлек, кәсіпорын қуаттылығын арттыру мақсатында шетелден жаңа қазандық әкеліп, іске қосқан.

Виктор БАХМУТ, «БУРАБАЙ-ТАЗАЛЫҚ» КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда резервте Қазақстанда жасалған тағы бір қазандық пен «Висмант» қазандығы тұр. Бұл дегеніміз қосымша қуат қоры бар деген сөз. Қазір үйлерге жылу 73 градуспен беріліп жатыр. Яғни ғимарат ішінде 24-26 градус жылы.

Апат айтып келмейді. Оған Екібастұздағы жағдай дәлел. Осындай қатердің алдын алу мақсатында жергілікті сала мамандары жұмыстарын күшейте түскен.

Біржан ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылу беру маусымында олқылықтар болмайды деп ойлаймыз. Барлық қазандық штатты режимде жұмыс істеп тұр. Кәсіпорындар қажетті отын қорымен қамтылған. Аудандық №2 қазандықта 50 мың тонна, Степногорскідегі жылу электр орталығында 170 мың тоннасы бар.

Сала мамандары жергілікті тұрғындар жылудан таршылық көрмейді дейді. Барлық қазандық пен жылу желілерін жиі тексеріп, үнемі бақылауда ұстап отыр.