Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жастар құлақ, ерін тесіп, сырға тағуға құмартып алды

AstanaTV
02.12.2022ж. 20:00
2006
Жастар құлақ, ерін тесіп, сырға тағуға құмартып алды

Қазір жаһанданудың құрығы тым ұзын. Аңдамай аяқ бассаң, құздан құлауың әп-сәтте. Осы орайда жас буынның шет елдің қаңсығын таңсық көруі ашындырады. Алайда оларға еліктеймін деп ақ-қарасын ажырата алмай қалу сорақылық. Өздерін «хиппи», «эмо», «фанк» «готтар» деп атап жүргендер кімдер осы? Оның қайдан шыққанын тілшіміз Дәрібек Оңласын зерттеп көрді.

Дәрібек ОҢЛАСЫН, ТІЛШІ:

Субмәдениет - ең төменгі мәдениетті білдіреді. Бірақ, жастар соңғы кезде Америкадан бастау алған мәдениеттің бұл түріне тым еліктеп барады. Олардың сырт келбеті мен ойлау қабілеті мүлдем басқа. Өздерін ерекше санап, ел назарын аударғысы келеді.

Қоғамда шетелдің мәдениетін таңсық санамайтын жас жетерлік. Солардың бірі - Мерей. Ол заман талабына сай өмір сүрем. Тіпті мерекелерде сән ретінде шаш бояп, құлақ, ерін, мұрынға сырға тағам дейді.

Мерей, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сырға болса менде ернім болды сырғада. Құлақтарым бүкілі сырғада және мұрнымда сырға да болды.

"Бұл мәдениеттің қоғамға ғана емес өздеріне де келер зияны көп. Өз еліміздің құндылығын бағаламайды. Мәдениеттен алшақтатады. Дәстүрге мұрын шүйіре қарайтыны сондықтан", - дейді әлеуметтанушылар.

Рамазан САЛЫҚЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Ғылыми тұрғысынан олардың жүріс тұрысын бағалауға болады. Қаншалықты қоғамға зиян немесе өз бастарына зиян. Мысалы жаңағы денесіне сурет салып персинг салып тотировка жасаған өз еркі ғой десекте бірақ сол баланың денсаулығына зиян келетіні сөзсіз және де ол біздің нақтылы қазақ ұлтының дүние танымына, діңіне, тіліне мүлдем жатпайтын жағдай.

Субмәдениеттің сойылын соғып жүрген жастар. Олар үшін қызық көрінеді. Көпшілікке топырақ шашудан аулақпыз. Қолдамайтындардары да бар.

БЛИЦ:

- Жалпы бұл шаш жалғау сырға мұрын тесу деген өзіміздің діңімізде де шариғатымызда да дұрыс емес деп саналған.

- Әркімнің өз қалауы деп ойлаймын ешқандай қарсылық жоқ.

- Біз Тәуелсіз мемлекетте тұрғандықтан өз адам еркісі бар не істегісі келсе де.

- Қазақи ортада өскендіктен мен более қазақша сондай менталитетті қолдаймын.

Еркіндік деп таңсық дүниеге құмарта беруге болмайды. Тәрбиемізге, болмысымызға сәйкес келетінін меңгергеніміз жөн екенін естен шығармасақ.