Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Жер аманаты» комиссиясы 3 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтарды

AstanaTV
02.12.2022ж. 20:00
2224
«Жер аманаты» комиссиясы 3 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Осыған дейін комиссияның тікелей атсалысуымен 3 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі де көтерілді. Ал комиссия мүшелері әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жайылымдық жер мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқ аевтың ерекше назарында екенін өздеріңіз білесіздер. Былтыр Президент игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді қайтару жөнінде Бас прокуратураға және де Үкіметке өзінің тапсырмасын берген болатын. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді ат салысып келеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер қайтарылған болатын болса, соның 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты.

А. Серік