$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Екібастұзда 71 көп қабатты үйге жылу берілді

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
508
Екібастұзда 71 көп қабатты үйге жылу берілді

Екібастұзда 71 көп қабатты үйге жылу берілді. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Су және кәріз жүйелері қалпына келтірілуде. Шаһарда жалпы саны 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу жұмыстарына 900-ге таяу адам жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, 9 күннен бері жылусыз қалған үйлердің құбырлары қатып қалған. Соның салдарынан жылу жүргізуде қиындықтар туындауда. Сондықтан әлі 12 үйге жылу берілмеген.

Айман БАЙЫСОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйде не жылу, не су, не жарық жоқ. Қолым суықтан үсіп кетті. Жұмысшыларға көмектесіп, далада жүрмін. Біздің ендігі бар өтінішіміз кәріз желісін жөндеп берсін. Құбырлар жарылып қалған.

Ө. Қуанар


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах