Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағанды облысында қойшы адасып кеткен

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
2006
Қарағанды облысында қойшы адасып кеткен

Қарағанды облысында қатты аязда қойшы адасып кеткен. Оны құтқарушылар екі күн іздеді.

Осакаровка ауданы Тельман ауылының тұрғыны жоғалған малын іздеуге шығып боранда кері қайтар жолды таба алмай қалған. Туыстары кешке дейін күтіп, келмеген соң төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға хабарласады. Бүкіл ауыл халқы мен құтқарушылар, сондай- ақ «Қазавиаспас» тікұшағымен іздеп жүріп ақыры малшы ауылдан 60 шақырым қашықтағы Сарыөзек ауылының маңынан табылды. Қойшы жол іздеп жүріп, түн ішінде бұзылған үйді паналаған. Ол аман есен құтқарылды. Қарағанды облысында үсік шалған азаматтар мен жол- көлік апатынан зардап шеккендер соңғы екі аптада күрт өскен. Мамандар боранда жолға шықпауға кеңес береді. Орталық Қазақстанда қолайсыз ауа райы әлі сақталады. Бүгін облыста бастауыш сынып оқушылары толығымен онлайн білім алуда.

А. Қуаш